Temirlan Nurlanulyцитирует2 года назад
Коммунистік проспектісінің бойымен мен де жүгіріп келе жатқам — алдымнан бойшаң екі солдат шыға келді. Дереу тура менде әкелерінің ақысы кеткендей жолымды кес-кестей берді. Біреуіе айналып өте бергенімше болған жоқ, екіншісі тура шашымнан уыстап ұстап алып, жерге алып ұрды, — мен шыңғырып барып, жолдың жиегіндегі тастың үстіне ұшып түстім. Бір сәтке есімнен танып қалыппын. Жаңағы солдат бір қарасам, осы Қайсармен алысып жатыр екен. Қысқасы, Қайсар ер екен, ананы да, екі жағындағыны да екі жаққа жалпасынан түсіріп, мені сүйрелей қашты. Екеуміз сөйтіп қашып жүріп, сіздің үйден бір-ақ шықтық. Әйтпесе, бұрын бір-бірімізді мүлде танымаймыз.
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать