Диана Сафинацитирует2 года назад
Содан соң майға батырған пілтені тұтатып қабірдің басына қойды да:

— Артыңда қалған шырағың сөнбесін, жарқыным, — деді.

Қамқа әжем ұсақ-түйек күйбеңді білмейтін адам, көбіне ірі сөйлейді, мына сөзі де маған аруақты естіліп, төбе құйқам шымырлап кетті. Қараңғы түнде ауылға қайтып келе жатып артыма қайрылып қарай бергенім де сол. Қамқа әжеме қанша сенсем де көңілімде бір күдігім бар: әжем «шырағың сөнбесін» деп еді, біз тұтатып кеткен ана шырақ, майы таусылып, қазір — ақ сөніп қалмай ма? Ақыры шыдай алмай осы күдігімді сұрадым.

— Әй, балам — ай, әлі баласың ғой, — деп әжем басын шайқады. — Сенсің ғой оның шырағы. Сенің тілеуіңді тілеп кеткен жоқ па, бейшара.
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать