Easy Tarihцитирует2 месяца назад
Хат танымайтын Мұқанға палуандық өнердiң ең ауырларын үйренуге тура келдi. Ең жеңiл дегенi – лом темiрдi мойнымен иiп, үш пұттық екi тасты екi қолымен жоғары көтеру едi. Ауырлары: он екi пұттық рельске жиырма бес адам мiнгiзiп иығымен көтеру, кеудесiне қойып төрт пұттық тасты балғамен ұрып уату, екi ат жеккен арбаның, қайыс божысын бiлегiне iлiп тоқтату, кеудесiне тақтай қойып, пар ат жеккен жүктi арбаны үстiнен жүргiзу. Елу пұт жүгi бар арбаны тiсiмен тарту, оған қосымша французша күрестiң алуан әдiсiн үйрену болды. Оның бәрiн кiшкене бөлшектен үйренiп, екi жыл iшiнде шегiне жеткiзу керек едi. Оған Мұқанның шыдамы жетпедi. Бойына бiткен алып күшке жүктеп, уақытпен санаспады. Күнi-түнi үйренетiн залдан шықпай, қара терге малынып, ауырды көтерiп үйрене бердi.
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать