Ерадаулет Таубаевцитируетв прошлом году
Қап, қап, болмас, болмас: «Бай - бір борандық, батыр - бір оқтық»,- деген еді. Жарқынбай үшін емес, келген көпшілік: үлкен аға, кіші інім үшін, Қазақ елім намысы үшін, бір сапар тілдеріңізді алып, барып келейін. «Өзім үшін туыппын, халқым үшін күйіппін»,- деген аталарымыздың сөзі бар еді. Маған елдегі еркекпін деген: ер қаруы - бес қаруды бойына іліп, жайдақ атқа қарғып мінуге жарайтын жігіттен жиырма бес жігіт қос-қос аттарымен, жолшыбай жейтін тамағын қосып беріңіздер! Жолда «Қоқидың қопасы»,-деген үлкен төбе бар. Оны басып жүрмесек болмайды. Оған соқпай, айналып жүрсек, екі ай жүресің. Оны басып, төтелеп жүрсек, он бес күн жүрмекпіз. Ол қопада адам баласына жау: күшті аңдар, тағы күшті жаулар кездеспек. Мен өзім не болса да, сол қопаны басып жүрем. Алланың не жазғанын көрем!- деп, жолда сыналатын жиырма бес жігіт ат-тон азығымен түгелдеп алады да, тартып береді. Біраз күндер жүргеннен кейін айтулы қопаға кездеседі. Алдынан аю, жолбарыстар кездесіп, Боран батыр бір ақырып қалса, жытып кетеді. Ертемен кездескен қопадан шыға алмай, кешке күн батуға таянды.

С
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать