Akilцитирует2 года назад
Нұрсұлудың екі баласы мен кәрі шешесі зар еңіреп көп жерге дейін артынан ілесіп барыпты да, ақыры бірін-бірі құшақтап жер бауырлап қала беріпті.

Осы күндердің бірінде апам мен Нұғыманның өзара сөйлескен бір сөздерінің куәсі болдым.

− Бұ қалай, Нұғыман-ау, соғыс болса мынау күннен-күнге арқаға аяздай батып қыса түсуде. Қолда бардың бәрін қыс демей, жаз демей жөнелтіп жатырмыз, қымтып қалған, жасырып қалған ештеңеміз жоқ. Мынау қызыл қырманның үстінде ұртымыз толып ас жеп жүрген ешкім жоқ. Артық түйір тамағымыздан өтпейді. Бәрін майданға жөнелтсек екен дейміз, атың өшкір жауды тезірек жеңсек екеміз дейміз. Жатсақ-тұрсақ ойлайтынымыз сол. Ал сөйтіп отырып айдалатындай жазығымыз не біздің?.. Біз деп отырғаным, Нұрсұлу кім, мен кім, басқа әйелдер кімдер? Бірімізден-бірімізді еш айырмамыз жоқ. Бәріміздің жұтып отырған уымыз да бір, қайғы-қасіретіміз, тілегіміз де бір... Ендеше біздің бірен-саран абайсыз кеткен жеріміз болса неге кешірмеске
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать