b4848678814цитирует2 года назад
Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін жұмсадым. Өзім де жаным арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. Мен соғыс кезінде «Красная звезда» газетіне былай жазғанмын: «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам» дегенмін. Сол сөзімді әлі де қайталаймын. Өйткені, Энгельс айтқандай, өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын. Мен нацизмның туын көтерген фашизмге қарсы жан аямай күрескен кісімін. Мен Гитлердің нацист армиясына қарсы қол бастаған адамдардың бірімін. Мен фашистерді жан-тәніммен жек көріп соғыстым. Мен Советтік Отанымды жан-тәніммен жақсы көріп соғыстым. Осы екеуін де, жауға деген өшпенділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті айтамын, мен қол астымдағы әр жауынгердің, әр командирдің жүрегіне ектім!
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать