Меруерт Карловацитирует8 лет назад
«Мерген қойды» қонаққа елең сойма.
Демесең, Сүйінбайды ұшықтайын,
Қоя бер, мына қойдың көзін жойма.
Тезек төре:
Жамандап келдің-дағы, даттап болдың,
Жақсылығын кейінге сақтап қойдың.
Қатыным мынау менің, қарақтарым,
Аз ғана қыздарымды мақтап қойғын.
Сүйінбай:
Тақсыр-ау, сіздің қызда жаман бар ма,
Жаманды жаман дейтін заман бар ма?!
Бағасы бес тиындық біреуі жоқ,
Болған соң төре қызы амал бар ма?!
Хан Тезек, кейкі сары ханымыңыз,
Сүйінбай екенімді таныдыңыз.
Долданып тап бермегін қылышыңа,
Жасырмай айтып берсек анығын біз.
Ері еді Дәнекердің Жарылқамыс,
Қазаққа солай деген кетті дабыс.
Бақайын өз қойшыңның өзің талап,
Мақта деп, тірі отырсың етпей намыс.
Ол күнде жақын еді біздің ауыл,
Қиянат момындарға салдың дауыл.
Дәнекер — Тезек төренің зорлықпен тартып алған екінші әйелі.
Мақтайтын Дәнекердің қай жері бар,
Жайдақтап әркім мінген бұл бір жауыр.
Хан Тезек, осы күнде асуыңды-ай,
Суындай Сусамырдың тасуыңды-ай!
Қатыныңның басы жалпақ, мұрны кейкі,
Жатуға мен де бірге шошырмын-ай!
Тезек төре:
Жақсы ақын үйге келсе, қыдыр-ырыс,
Айтқаны Сүйінбайдың бәрі дұрыс.
Көргенді не де болса бетке айтатын,
Адамнан сирек туар мұндай туыс
Сүйінбай, маған сенің өзің керек,
Баршадан ақын болып тудың ерек.
Жарамды жол жүріске ат берейін,
Соны мініп, еліңе қайт ертерек!
Жылкелді мен осында Бапау бар ма?
Мен мінетін әлгі бір сары ат қайда?
Ескі малдың көзіндей бір күт еді,
Соны тауып мінгізгін Сүйінбайға!
Сүйінбай:
Тақсыр-ау, бұл бергенің сары ат па еді,
Азуында бір тісі жоқ кәрі ат па еді?
Кірпігіне қарасам, қурап қапты,
Тұсында Абылайдың бар ат па еді?!
О, тақсыр, Сүйінбайды деме бекер,
Мұны мініп заман жоқ елге жетер.
Ілесіп Абылайдың бақ-дәулеті,
Кәрі ат берсең, менімен бірге кетер.
Сары ат:
Тұсында Абылайдың мен бір сары ат,
Жас күнімде болып ем ерге қанат.
Талай құда келгенде, талай досы,
Бермеп еді, хан Тезек, мені қалап.
Мойнымнан жал, бойымнан әлім кетті,
Әл кеткен соң, өзіме кәрілік жетті.
Ала жаздай бойыма шыр бітпейді,
Қыс болса, өкпе тұстан суық өтті.
Тезек төре:
— Мен жеңілдім. Бабам Абылайдың тұсында Бұқар жырау өткен екен, атам Әділдің тұсында ақын Тубек өткен екен. Менің заманымда сен кез келдің: мен хан екенмін, сен «сұрқылтай
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать