Меруерт Карловацитирует8 лет назад
Қараша Абылайға барған екен,
Дүние опасы жоқ жалған екен.
«Ұлы жүз өзі бейбас, тентек елсің,
Баламды жібермеймін» деген екен.
Қараша Абылайға келген екен,
Екеуі сертке тағам жеген екен.
«Рұқсатсыз үйіне кісі кірсе,
Ат-тоны олжа болсын» деген екен.
Осындай хан атамның жарлығы бар,
Есіктің сол себепті тарлығы бар.
Тінтушідей ордаға басып кіріп,
Ажалыңа асыққан, байғұс мұңдар!
Тезек төре жігіттеріне қарап:
А, Жылкелді, бұған кісен салмаймысың,
Бапау, сен киімін тонап алмаймысың.
Мұңдардың аяғына кісен салып,
Зынданға жаяу айдап бармаймысың?!
Төрт қазық аяғына қақпаймысың,
Киімін отқа өртеп жақпаймысың.
Абылай хан жазалыны қайтушы еді,
Жазасын жазалының таппаймысың!
Албан, Дулат, Шапырашты бір талай ел емес пе,
Ақылы хан Тезектіқ кең емес пе?!
Жалпы қазақ баласын тегіс жисаң,
Төренің отыз үйлі жемі емес пе?!
Қара қазақ былшылдап көп сөйлейді,
Тезектің бір дегені ем емес пе?!
Сонда Жылкелді мен Бапау «киіміңді шеш!» деп тап бергенде, Сүйінбайдың Тезек төреге айтқаны:
Ұраным менің — Қарасай,
Мен — Сүйінбай!
Өлеңді Қарасайлап айтамын-ай!
Сәлемге келген кісінің атын алып,
Неден пейілің тарылды, тақсырым-ай!
Ассалаумағалайкум, Тезек төре,
Елден жылқы қоймаған кезеп төре!
Телі менен Тентекті тыят десе,
Өзің ұрлық қыласың, әттегене!
А, тақсыр, дүниеден жақсы да өтер, жаман да өтер,
Дүниеден жүйрік те өтер, шабан да өтер
Сәлемге келген кісінің аты менен тонын алып,
Ұры төре, бүйте берсең, тұқымың құрып кетер.
Төрені келіп едім көрейін деп,
Сәлемін пайғамбардың берейін деп.
Аттандырған ұрысы қолға түсіп,
Хан ием отыр екен өлейін деп.
Атаңыз болған екен хан Абылай,
Хан, қараға сөйлеген бала едім-ай!
Ашулансам кетермін шауып алып,
Жалғыз басты төресің, білесің бе-ай!
Хан Тезек, төремін деп дүрілдейсің,
Қожаны ақ сәлделі «пірім» дейсің.
Үйіңе Жылкелді мен Бапау келсе,
Әжең келген немедей күлімдейсің.
Қарақалпақ, Түрікпенді бермейсің еш адамға, қорып тұрып,
Кедейдің жалғыз атын қоймадың торып тұрып.
Өз айғағың, өзіңде тұр ғой төре:
Екі қаракер құдайға неден жазды,
Келіпсің екеуін де зорықтырып.
Атаңыз мұндай істі қылған жоқ, хан Абылай,
Сарабдалды балқытқан мен Сүйінбай.
Алатұғын жанымды құдай алар,
Алшақтама құдайдың кенже ұлындай!
А, төре, аш көзіңді, мен Сүйінбай,
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать