Аружан Машраповацитирует8 лет назад
БІРЖАННЫҢ БІР ҚЫЗБЕН ҚАҒЫСУЫ62
Біржан сал жолаушылап бір кедей адамның үйіне кездеседі, сол үйдің қызы оған қатықсыз қара кеже құйып берсе, Біржан ернін ғана тигізіп қайтарады. Сонда қыз айтады:
Байлардың жейтін асы — жая мен жал,
Шығады нақ кедейден осындай сал.
Қыс аяғы шаруаға күйзеу болды,
Көжеге кекіреймей ерніңді мал!
Біржан:
Атанған ақындықпен Біржан сері,
Серінің күнде думан жүрген жері,
Қарындасым, ағаңа сөзің өтті,
Көжеңді басып-басып әкел бері.
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать