Гульжайна Жаксылыковацитирует8 лет назад
Тезек төре жігіттеріне қарап:
А, Жылкелді, бұған кісен салмаймысың,
Бапау, сен киімін тонап алмаймысың.
Мұңдардың аяғына кісен салып,
Зынданға жаяу айдап бармаймысың?!
Төрт қазық аяғына қақпаймысың,
Киімін отқа өртеп жақпаймысың.
Абылай хан жазалыны қайтушы еді,
Жазасын жазалының таппаймысың!
Албан, Дулат, Шапырашты бір талай ел емес пе,
Ақылы хан Тезектіқ кең емес пе?!
Жалпы қазақ баласын тегіс жисаң,
Төренің отыз үйлі жемі емес пе?!
Қара қазақ былшылдап көп сөйлейді,
Тезектің бір дегені ем емес пе?!
Сонда Жылкелді мен Бапау «киіміңді шеш!» деп тап бергенде, Сүйінбайдың Тезек төреге айтқаны:
Ұраным менің — Қарасай,
Мен — Сүйінбай!
Өлеңді Қарасайлап айтамын-ай!
Сәлемге келген кісінің атын алып,
Неден пейілің тарылды, тақсырым-ай!
Ассалаумағалайкум, Тезек төре,
Елден жылқы қоймаған кезеп төре!
Телі менен Тентекті тыят десе,
Өзің ұрлық қыласың, әттегене!
А, тақсыр, дүниеден жақсы да өтер, жаман да өтер,
Дүниеден жүйрік те өтер, шабан да өтер
Сәлемге келген кісінің аты менен тонын алып,
Ұры төре, бүйте берсең, тұқымың құрып кетер.
Төрені келіп едім көрейін деп,
Сәлемін пайғамбардың берейін деп.
Аттандырған ұрысы қолға түсіп,
Хан ием отыр екен өлейін деп.
Атаңыз болған екен хан Абылай,
Хан, қараға сөйлеген бала едім-ай!
Ашулансам кетермін шауып алып,
Жалғыз басты төресің, білесің бе-ай!
Хан Тезек, төремін деп дүрілдейсің,
Қожаны ақ сәлделі «пірім» дейсің.
Үйіңе Жылкелді мен Бапау келсе,
Әжең келген немедей күлімдейсің.
Қарақалпақ, Түрікпенді бермейсің еш адамға, қорып тұрып,
Кедейдің жалғыз атын қоймадың торып тұрып.
Өз айғағың, өзіңде тұр ғой төре:
Екі қаракер құдайға неден жазды,
Келіпсің екеуін де зорықтырып.
Атаңыз мұндай істі қылған жоқ, хан Абылай,
Сарабдалды балқытқан мен Сүйінбай.
Алатұғын жанымды құдай алар,
Алшақтама құдайдың кенже ұлындай!
А, төре, аш көзіңді, мен Сүйінбай,
Бөркіңді ұшырамын жел құйындай.
Қаптаған жердің жүзін қалың қазақ,
Көзіңе көрінбейді бір тиындай.
Кесіп алсаң бас міне, төре Тезек,
Өлмейтұғын адам жоқ темір өзек.
Сәлемге келген жанды қыра берсең,
Ұры төре, саған да келер кезек!
Ұрыларың басымды кесіп алар,
Өткізіп қанжығаға тесіп алар.
Шапырашты, Дулатым қаптап келсе,
Отыз үйлі төренің несі қалар?!
Абақ, Тарақ бір туған ел емес пе,
Шалқып жатқан таусылмас көл емес пе?
Көл толқыса, көбігін кетер басып,
Бетіндегі көбігі төре емес пе?!
Төре сайтан болғанда, көп періште,
Бір сайтанды қаққан да пері емес пе?!
Ұрыларың басымды кесіп алар,
Әрісі — мені өлтірсе, жанымды алар.
Сұраншы мен Саурығым аман болса,
Қызыңды, қатыныңмен атқа салар!
Сүйінбайдың өткір сөзіне әрең шыдап отырған Тезек төре орнынан қарғып тұрып:
— Кескін-келбетіңе қарасам, кедей көрінесің, қырсығыңды кесейін, мына жібек шапанымды шешіп ал,— дейді.
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать