Меруерт Карловацитирует8 лет назад
Бөркіңді ұшырамын жел құйындай.
Қаптаған жердің жүзін қалың қазақ,
Көзіңе көрінбейді бір тиындай.
Кесіп алсаң бас міне, төре Тезек,
Өлмейтұғын адам жоқ темір өзек.
Сәлемге келген жанды қыра берсең,
Ұры төре, саған да келер кезек!
Ұрыларың басымды кесіп алар,
Өткізіп қанжығаға тесіп алар.
Шапырашты, Дулатым қаптап келсе,
Отыз үйлі төренің несі қалар?!
Абақ, Тарақ бір туған ел емес пе,
Шалқып жатқан таусылмас көл емес пе?
Көл толқыса, көбігін кетер басып,
Бетіндегі көбігі төре емес пе?!
Төре сайтан болғанда, көп періште,
Бір сайтанды қаққан да пері емес пе?!
Ұрыларың басымды кесіп алар,
Әрісі — мені өлтірсе, жанымды алар.
Сұраншы мен Саурығым аман болса,
Қызыңды, қатыныңмен атқа салар!
Сүйінбайдың өткір сөзіне әрең шыдап отырған Тезек төре орнынан қарғып тұрып:
— Кескін-келбетіңе қарасам, кедей көрінесің, қырсығыңды кесейін, мына жібек шапанымды шешіп ал,— дейді.
Сүйінбай:
Тұрмысың «шапанымды шешіп ал» деп,
Мен тұрмын шешіп алса несі бар деп.
Бір сөзді айтып едің түсі жылы,
Сүйінбай қырсығыңды кесейін деп.
Үйіңді жұрдай қылып үптеп алсам,
Айтарсың, «мұның қандай өші бар» деп.
Егер де сен хан болсаң, мен сұрқылтай,
Ойлама, Сүйінбайдан не шығар деп?!
Мен сенен қорыққаннан жасқанбаймын,
Қарашы, қай ісіңнен қашқандаймын?!
Егер де көтеріліп, сен желіксең,
Қеудеңді, көңіліңді басқандаймын!
Тезек төре:
Тұсында Абылайдың Бұқар жырау,
Хан Әділдің, кезінде Түбек тұр-ау!
«Әр заманның, бар дейді сұрқылтайы»,
Сұрқылтайым менің де екен мынау»!
Атадан емес еді жолым өзге,
Болмады тоқтамасқа мына сөзге.
Үні өткір, өзі де бір зар жақ екен,
Жасырмай барлық шынды айтты көзге.
Сүйінбай тегін емес, қызыр көрген,
Қол жайып, жаман болмас бата берген,
Жылкелді, бір қой әкеп бата сұра,
Ырысын ап қалалық осыменен.
Айтқанындай, Тезек төренің есік құлдары мойнына кескек байлаған, құрттаған қотыр қойды әкеледі.
Сүйінбай:
Ойпырым-ау, мына қойың мерген қой ма,
Аң атып, талай қызық көрген қой ма?
Артына жалтақ-жалтақ қарай берді,
Бір қорлық Қасекеңнен көрген қой ма?
Пердеңкесін мойнына салғызып кеп,
Атқызғалы келдің бе Сүйінбайға.
Ашаршылық болғанда елді асырар,
Тышқақ лақ сойсаң да, мұны сойма!
Тақсыр-ау, бұл заманның күйін ойла,
Елдің шетін күзетсіз босқа қойма.
Жаугершілік болғанда сені асырар,
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать