Aizhan Tokmanbetovaцитирует13 дней назад
Бірақ Нартай қайшымен жапырақтап қиылған газеттің бетіне салып беріп жіберген аттың, қошқардың, текенің суреттерін алыпты. Қатты қуанған көрінеді. Ағама апарып бер деп екі бауырсақ жіберіпті. Алтыкүндік демалыс кезінде Нартай сәлемдемеге ат үстіне мінген батырдың суретін жіберді. Бір бет ақ қағаз тауып алып, көк қарындаштың тұқылымен әдемілеп салған. Ертай бір бауырсақ беріпті. Шеті кішкене тістелген. Нартай үш бауырсақты көпке дейін жеген жоқ. Тіпті, қарны ашқанда да. Жаңа ақ киізден тігіп жасалған портфелінің түбіне сап қойды. Ертайды қатты сағынған кезде алып көретін. Ақыры жазғасалым, өзегі талып, көзі қарауытқан ұзақ күндердің бірінде сабақ соңынан жеді. Тас боп қалған екен, тісі өтпей, көп кемірді.
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать