Кішкентай көздерге жақсылық істе мейлің, жамандық істе мейлің, жанарының шарасына сыймайтындай алапат қып істе. Әйтпесе, аз жақсылығыңа бәрібір місе тұтпайды, ал сәл ғана жамандығыңды көрсе-жерден алып, жерге салып жазғыра жөнеледі.
Әлсіздік те – тығырық... Одан да қашып құтылар айла-амалыңның көп болғаны дұрыс»
Шіріген жемістен жексұрын нәрсе бар ма?
Бүгін деген – қорқыныш пен үміттің екі ұдай аралығы
Ханым енді түсінді – шебер мынау сиқыр мұнараға өзінің өліп-өшкен соқыр махаббатынан басқа ештеңе бейнелемепті.
Шетінен бақ құмар келетін айтулы тұқымның қызы бұның қылышының астына бір тудан соң бір ту жапырыла құлап жатқанын көріп, өсіп-өнген өз жұртынан гөрі бұған бауыр басыңқырап кетті.
Бір күні жансызын әскияға жіберіп, әлгі мылжыңмен айтыстырып көріп еді, қызып алған неме, талай-талай сандырақты көкігенмен, ханым мен шебердің арасына килігетіндей ештеңе айтпады.
Әмірші алдындағы ақ шағылдың үстіне шаншылып шыға келген бір жіңішке сырықты көзі шалды. Көктемгі шайдай ашық көк ніл
Даңқтың астындағы дүлдүлі–дақпырт
«Әлсіздік те – тығырық... Одан да қашып құтылар айла-амалыңның көп болғаны дұрыс».