Жазғытұрым бір қара көк құнан алып бер!
Көріп тұрып "сен бе?" дей бергенің не?.. Кім болсын басқа! Өздерің құр
дәрілеп атқан мылтықтан қаша жөнелгенде қорықпаған жалғыз осы інішегім
болыпты...
келген жарау қара атқа
Кәмен мініп алыпты. Қорқылдақ шабдарыма міне бергенде жынды қыз мені
Е, сен қайдан жүрсің?
- Ауылдан...
- Нағып жүрсің?
- Жәй...
- Күреңтөбел мен Көкдауылдан қасқыр құтылған емес!
Көкдауылға түлкі деген не тәйірі, тышқан ғой әшейін! - деп бір қояр еді. - Ақ
құйрығы болмаса, өзгесі адыра қалсын, шай емес! - деп тағы бір бежейге
серпіп кетер еді. - Қайсаржан-ау, балаларға беріп отыратын кәмпит-сәмпитім
азайып қалды, қалаға соқсаң тағы бір дорбасын ала келші! - деп мырзалық
қиясынан бір атой беріп жіберер еді.
Қалайда Бәден апай балалардан барын аямайтын адам. Біз ауыл балалары,
қыс болса ол кісінің отынын жарып беруге, жаз болса бұзауын айдап келуге
таласып жүреміз. Күреңтөбелді көлге жүздіріп алу керек болса, балалар үшін
ол бір қиянкескі тебелес...
Ертеңіне іңір кезінде Қайсардың үйіне келсем, он шақты жігіт шай ішіп,
қызара бөртіп терлесігі отыр екен.
- Мынау да қыз алып қашуға бара ма? Қой, бір жерде адасып қалар! - деп
жігіттер мені мазақтай бастады.
- Қызды алдыңа өңгертіп берсек, ауылға алып келе аласың гой?
- Мінген атың қандай? Қорқылдақ шабдар бие ме?
- Ие...
- Қап, келе жатқанымызды Бекберген күндік жерден естіп отыратын болды-
ау!..
Бәден апай жігіттерді бұдан әріге жібермей тоқтатып тастады:
- Барады! Тым болмаса, Қайсар ағасының атын ұстап тұруға жарамай ма?
Қайсар ағасын жанындай жақсы көреді. Іштерінде күнә-сұмдықтан таза бір
бала болса, жолдарың болады. Барады! Шайға кел, қасыма отыр, - деді.
Ауыл жатар кезде, біреуі мен, он үш жігіт атқа қондық. Бәден апай менің
қойныма екі домалақ ащы құрт, бір уыс кәмпит тығып берді:
- Ұйқың келсе ащы құрт же, қарның ашса кәмпит же!..
Қар қою жапалақтап тұр. Суық емес. Жел аз ғана есінеп қояды.
Қай жаққа шығып алып соғарын байқатпай, айнала ұйтқып тұратын кезі.
Әзірге қай ауылдың қамсыз отырғанын анықтап алуға айнала торып жүрген
сияқты.
Жігіттер ауылдан шыға шұбала жөнеліп кетті. Ішінін қорқылдағы бар шабдар
байталмен ең соңында мен келе жатырмын. Барар жеріміз алты-ақ шақырым
екен, тез жетіп қалдық.
Кәдуілгі, ағаш арасына ықтай қыстаған ауыл... Бір үйден жарық көрінбейді.
Бораннан иттері де қораға тығылып, бұйығып жатса қерек, біреуі үрген жоқ.
Жігіттер екі топқа бөлініп, Бекбергеннің үйіне екі жақтан жаяу бармақ болды.
Бір топтың аттарын ұстап тұруға бір ересек жігіт пен мен қалдым. Қайсар
бастаған топ ауылдың екінші жағына шығып кетті. Қыздың әке-шешесін
байлап тастап, өзін падаға алып шығысымен "Ат!" - деген айғай салынбақшы.
Сол кезде біз аттарды тоса беруіміз керек.
Сібірдің бораны бір оянып алса, бұл ауылдарды қарға көміп болмай тоқтаған
емес. Қазіргі беталысы да солай. Қар алай-түлей қатты борап кетті. Жел де
анда-санда ішін тартып қояды. Таң ата ышқына соққалы тұр.
Жігіттерден недәуір уақытқа дейін дыбыс болмай кетті. Шабдар байтал аузы
тек тұрмайтын әдеті бойынша қар теуіп, бірдеме тауып алып шайнай
бастады. Қазақ баласы атының оттағанына қарсы болғаны бар ма, мен оның
ауыздығын алдым. Шабдар байтал тұғжындап қар тепкен сайын ер-тоқымы
иығына қарай жылжи түседі. Е, оттай түссін деп мен де отыра бердім.
Бір кезде ауылдың орта тұсынан әйел даусы шықты. Қыз даусы еме
Жынды қыз сияқты біресе мені түйгіштеп қояды, біресе кеудемнен итеріп
қалады.
Жаңа түскен келіншектер ұзатылып барған ауылының барлық балаларына
өзінше бір ат қойып алады: тентегім, еркебала, кішкенем, тағы-тағылар.
Біздің ауылдың балаларынан Кәменнің бірінші ат қойған баласы мен
болдым... Онын үстіне "Інішегім" дегені қандай жақын, қандай ыстық естілді.
йнақы кіші қыз өкіріп жылай бастады. Қасымнан өте беріп мені ту
сыртымнан түйіп-түйіп қалды, жынды қыз!..