Жұрттың айтып жүргеніндей басына ат тебері де, бағының жанары да тек осыған, осы бір қитұрқы сауалдың жауабының арты қандай боларына ғана байланысты емес пе...
Қазыбектің бұдан былайғы сөзін ести алмады. Екі құлағы бітіп қалды. Көзінің астын топан көміп бара жатқандай бұлдырап барады. Әйтеуір әлгі баурай-баурайды түгел толтырып тұрған нөпір аламанның әлденені айтып күркірегенін біліп отыр, әлгінде ғана алдында сұлқ салбырап тұрған қыл шашақтардың тұнық аспанды сабалап желк-желк желпініп жатқанын көріп отыр. Сол бір қаһарлы айқай тынар емес, сол бір дүрлігіс басылар емес. Бір уақытта қолдарына көл-дария өре киіз ұстап, іштерінде қанжығалы Бөгенбай, қара керей Қабанбай, тама Есет, әлім Бақтыбай, ошақты Саңрық, керейіт Тайлан, шөмекей Киікбай, үйсін Ақтамберді, Қалдыбай, керей Сырымбет, тілеу Орыс, адай Шотан, атығай Құлсары, Қыпшақ Шақа, сары жетім Бұданбай бар, қарақұрым қол алдына келіп, тістері ақсиып бірдеңе деді. Қапелімде орнынан тұра алмай қалған Әбілқайырдың бір қолтығынан арғын Жәнібек, бір қолтығынан табын Бөкенбай демеп өре киізге алып келді.
Сол-ақ екен бір алып ақ самұрық құс оны аспанға көтеріп әкетті. Біресе шырқыратып шыңға шығарып әкетеді, біресе құлдилатып әлгі қара нөпірдің үстінен түсіреді. Жұрт ауыз жаппай әлдене айтып жатыр.
Ел ырысы – малды Ұлы жүзге тапсырса, пейіліне сенгені, ел жыртысы – дауды Орта жүзге тапсырса, білігіне сенгені, ел шырқын бұзар жауды Кіші жүзге тапсырса, ерлігіне сенгені.
жетіліп, қатарға қосылсын десең – ұзын арқау, кең тұсау тіршілікке
жібермей, белін бекем будырып, сара жолға сал. Көп көбейіп, дені
жайылсын десең - тар қамажауға тығып тұмшалай бермей кеңге шығар!
Кейбір ауылдардың жымпиып жұрты ғана жатыр. Хан қозғалғысы келмесе, қала берсін. Орыстың қабағы жылып, көсегемізді көгертеді деп қашанғы отырамыз. Қашпаған қашардың уызынан дәметіп, мықтыға арқа сүйеп, тайтаңдаған башқұрттардың талапайына төзе берер жәйіміз жоқ дейді.
Өткен өмір қу соқпақ,
Қыдырады талайды.
Абай.
–
Мөлт қара сақал-мұрт қыбырсыз. Бозарыңқы дүрдік еріндер бір-біріне жабысып қалғандай.
Тіп-тіке қарайтын дөңгелек жүз, сыз қабақ, ақ сұр кісінің бет алды тұнған сабыр. Шығыңқы шықшыт сүйек пен шытыныңқы қабақтар ғана іште жатқан шытырман ойдан нышан байқатқандай.
Назары
Екеуі де – анау от басында.
Бақ қараған жігіттің
Басында болар айласы.
«Қобыланды батыр» жырынан.
Әкесінің ауызына ит сарығыр әлгі Бирон найсаптың мынау құла далада несін жоғалтып алып жүргенін кім білсін!? Россияда қазір буаз мегежін іш тастап, қысыр мегежін күйлесе де, сол найсаптың бір қатысы болғаны.