b3815475355цитирует3 года назад
Иә, Таған екінші рет жазған ғылыми жұмысына «Алтайды мекендеген ұлттардың тарихын» тақырып етіп алғанына және өкінген. Өкініші сол — мұны «ұлтшылсың» деген жалғыз сөзбен басқа ұрып, қызыл табан қылып қаңғыртып жіберген. Таған болса... «мен ұлтшыл емеспін, ұлтжандымын, екі ұғымның арасы жер мен көктей» деп, шырылдап бармаған жері, ашпаған есігі жоқ. Бір күні КГБ-ның жігіттері шақырып алып, қысып-қысып жіберген соң ғана, байырқалап, аш құлақтан тыныш құлақ, басы ауған жаққа безіп еді... Өлердей ішіп еді... таз кепешін қайта киіп еді.
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать