Ара бағу — қолы білген адамға әуресі жоқ таза жұмыс: өздері жайылады, өздері еңбектенеді, өзін ғана емес өзгені де асырайды, тек уағында тексеріп, дер кезінде балын жинап, ауру-сырқаудан сақтасаң, шаш-етектен байлыққа батырар берекелі шаруа.
албасты ажалымызға қарай асығып бара жатқан шығармыз; бәлкім, осына бейбіт ғұмырдың бейкүнә адамдарының обалына қаларымызды ойламайтын шығармыз; бәлкім, адамдар да азамат соғысының аттарындай арбада ажал бүркіп, пулемет сүйреп келе жатқанын сезбей, мақсатты жорықтың жол ортасында қанға бөгіп, ұрпақсыз-ұрансыз қалар...
Көптен кеткен көмусіз қалар.