Қажымұқанмын қазақта күшiм асқан,
Палуандықтан айтайын бiраз дастан.
«Орыс палуан» атанып он екi жыл,
Жиырма төрт патшалықтың жерiн басқам.
Хат танымайтын Мұқанға палуандық өнердiң ең ауырларын үйренуге тура келдi. Ең жеңiл дегенi – лом темiрдi мойнымен иiп, үш пұттық екi тасты екi қолымен жоғары көтеру едi. Ауырлары: он екi пұттық рельске жиырма бес адам мiнгiзiп иығымен көтеру, кеудесiне қойып төрт пұттық тасты балғамен ұрып уату, екi ат жеккен арбаның, қайыс божысын бiлегiне iлiп тоқтату, кеудесiне тақтай қойып, пар ат жеккен жүктi арбаны үстiнен жүргiзу. Елу пұт жүгi бар арбаны тiсiмен тарту, оған қосымша французша күрестiң алуан әдiсiн үйрену болды. Оның бәрiн кiшкене бөлшектен үйренiп, екi жыл iшiнде шегiне жеткiзу керек едi. Оған Мұқанның шыдамы жетпедi. Бойына бiткен алып күшке жүктеп, уақытпен санаспады. Күнi-түнi үйренетiн залдан шықпай, қара терге малынып, ауырды көтерiп үйрене бердi.
– Неге қумайсыңдар бұларды?
он екi пұттық рельске жиырма бес адам мiнгiзiп иығымен көтеру, кеудесiне қойып төрт пұттық тасты балғамен ұрып уату, екi ат жеккен арбаның, қайыс божысын бiлегiне iлiп тоқтату, кеудесiне тақтай қойып, пар ат жеккен жүктi арбаны үстiнен жүргiзу. Елу пұт жүгi бар арбаны тiсiмен тарту, оған қосымша французша күрестiң алуан әдiсiн үйрену болды.
«Жасымда неге оқымадым. Әкем құлақтан тартатын молдаға неге бердi екен? Осындай мектептi қазақтар неге ашпайды екен? Адам баласы болған соң бiр тiлде неге сөйлемейдi екен? Жасымнан орыстармен бiрге өссем тiлдi жақсы бiлер едiм-ау... Неғып бiздiң ауыл осы қаланың қасында болмады екен... Оқуды өзге үйренгенде, мен неге үйренбедiм...»
Баласы Қошқарбайдын Шашубаймын,
Болсам да малға кедей, сөзге баймын.
Көп алсам кемiмейтiн кенiм халық,
Байларға малды екен деп бас ұрмаймын, –
дейтiн кәдiмгi Шашубайдың өзi болды.
Ерназар1 күнде менен бата аласың.
Бәлеге неге барып шаталасың.
Балалар, ынтымақпен iстемесең,
Түбiнде жаман колхоз атанасың, –
деп колхозшыға үгiтiн айтқан, өзi туралы:
Ақ басты Алатаудың Жамбылы мен,
Өлеңнiң ұлы сүре даңғылы мен,
Алдымда Бұқарбай мен Сүйiнбайлар,
Солардан тәлiм алған қалдығы мен, –
дейтiн Жамбыл.
Әйелдер есiткен хабар – жылдам тарайтын әдетi емес пе. Бұл хабарды құлағы шалған адам үйiнде отыра алмады.
Кәтта шайнекпен битте чай келтiр
Ашарда ел бiла мен достықтари
Палуан өнерiн үйрену үшiн Россиядан шығып, шетелден ұстаз iздемеймiн, туған елiмдегi тәрбиешiлер маған жетедi, – деген Дубныйдың сөзi өте орынды айтылған сөз едi.