«Әже, маған не әкелдің?» – деп, қалта-қалтасын ақтарып жатырмын. Әжемнің қалталарында түп болмайды. Түп болатын шығар-ау, бірақ оған менің қолым оңайлықпен жетпейді.
Мен қағазға «м. с. с.» деген үш әріпті асығыс жаздым да, Күләнға ұсындым.
- Бұл не?
- Taп өзің.
Күлән қайдан білейін дегендей иығын қомпаң еткізді. Мен енді өзім талдап айта бастадым:
- Мынау «м» мен деген сөз.
- «с» ше?
- Сені деген сөз.
- Ал мына «с»?
Менің тілім байланып қалды. Маңдайымнан бұрқ етіп тер де шығып кетсе керек. Өйткені пәленің бәрі осы соңғы «с»-да жатыр еді.
- Ал айт? Бұл не деген сөз?
- Тап өзің?
Дәл осы кезде қоңырау сыңғыр ете қалды. Сабақ бітті.
Жамыраған қозыдай боп
Ленин біздің атамыз,
Саясында жатамыз.
Қарсы келген дұшпанды
Қақ жүректен атамыз!
- Жамырап кеттіңдер! Жамырамай, жөндеп айтыңдар! — дейді Жүнісбай.
Және бір өлең басталады:
Біз, жастар, жұрттың таңын атырамыз,
Дұшпанды су түбіне батырамыз.
Еңбекші ел қызыл туын тіккен жерге
Кедейдің бар баласын шақырамыз,
Қайырмасы:
Ахау, социализм, коммунизм,
Жасасын жер жүзінде ленинизм