Адам деген қызық — ay, біреуді жақсы көрсең, оның өзі ғана емес, бүкіл төңірегі, киген киімі, ұстаған мүлкіне дейін ыстық болады екен.
Ер басына іс түсетін де кез болады. Шетте жүрген жалғыздың жұбайынан басқа серігі бар ма, қызым мені жерге қаратпайды, серігіңе жарайды, шырағым. Қарның ашса, қуырып же, шөлдесең қайнатып іш, бәріне шыдайды. Тек қорлық көрсетуші болма» деді.
Абзалы адам өзінің алла тағала жаратқан табиғи кейпіне түскенде бір — біріне жақынырақ көрінеді — ау деймін.
Өзінің сенген нәрсесіне шек келтірмейтін адам ең бақытты жан, ондай адамның көңіліне күмән дегенің ұрланып кіре алмайды, сондықтан да ол күшті, өзгеден өктем болмақ.
Биліктің дәмін бір татып алған адам... ол анау маскүнем ішкіштен де жаман, құлқыны тілеп аңсап тұрады. Маскүнем бір жұтым арақ үшін несін аяйды, бұл да билік үшін неміске ме, әзәзіл жын — шайтанға ма, кімге болса да, қызмет қылуға дайын.
Көзім жұмулы болса да, оның еміреніп, телміре қарап отырғанын білемін.
Содан соң майға батырған пілтені тұтатып қабірдің басына қойды да:
— Артыңда қалған шырағың сөнбесін, жарқыным, — деді.
Қамқа әжем ұсақ-түйек күйбеңді білмейтін адам, көбіне ірі сөйлейді, мына сөзі де маған аруақты естіліп, төбе құйқам шымырлап кетті. Қараңғы түнде ауылға қайтып келе жатып артыма қайрылып қарай бергенім де сол. Қамқа әжеме қанша сенсем де көңілімде бір күдігім бар: әжем «шырағың сөнбесін» деп еді, біз тұтатып кеткен ана шырақ, майы таусылып, қазір — ақ сөніп қалмай ма? Ақыры шыдай алмай осы күдігімді сұрадым.
— Әй, балам — ай, әлі баласың ғой, — деп әжем басын шайқады. — Сенсің ғой оның шырағы. Сенің тілеуіңді тілеп кеткен жоқ па, бейшара.
Шын жақсы көрген адам... қасіретке түскен қосын жалғыз тастамау керек. Әйел мен еркек етек басқа да... былай терезесі тең дос, бір — біріне серік, сүйеніш болуы керек емес пе?
Кемпірлер «ер бала аңқау, қыз бала залым болады» деуші еді,
«Бақытсыздық» деген нәрсе жамандық пен жақсылыққа бөлінбейтін, адамға төтеннен келген алапат па екен, әлде заты әйелдің осалдығы ма