«Әже, маған не әкелдің?» – деп, қалта-қалтасын ақтарып жатырмын. Әжемнің қалталарында түп болмайды. Түп болатын шығар-ау, бірақ оған менің қолым оңайлықпен жетпейді.
Мен қағазға «м. с. с.» деген үш әріпті асығыс жаздым да, Күләнға ұсындым.
- Бұл не?
- Taп өзің.
Күлән қайдан білейін дегендей иығын қомпаң еткізді. Мен енді өзім талдап айта бастадым:
- Мынау «м» мен деген сөз.
- «с» ше?
- Сені деген сөз.
- Ал мына «с»?
Менің тілім байланып қалды. Маңдайымнан бұрқ етіп тер де шығып кетсе керек. Өйткені пәленің бәрі осы соңғы «с»-да жатыр еді.
- Ал айт? Бұл не деген сөз?
- Тап өзің?
Дәл осы кезде қоңырау сыңғыр ете қалды. Сабақ бітті.
Жамыраған қозыдай боп
Ленин біздің атамыз,
Саясында жатамыз.
Қарсы келген дұшпанды
Қақ жүректен атамыз!
- Жамырап кеттіңдер! Жамырамай, жөндеп айтыңдар! — дейді Жүнісбай.
Және бір өлең басталады:
Біз, жастар, жұрттың таңын атырамыз,
Дұшпанды су түбіне батырамыз.
Еңбекші ел қызыл туын тіккен жерге
Кедейдің бар баласын шақырамыз,
Қайырмасы:
Ахау, социализм, коммунизм,
Жасасын жер жүзінде ленинизм
О, махаббат хатын жазуға құмартушылар! Менің мына айтайын деп отырған әңгімемнен сабақ алыңдар.
Ағайым тағы да Алматыға бір айлық курске оқуға кетті. Үйде енді Күлімбала екеуіміз ғанамыз.
. О л Сағатбайға жақындап, бізге бір қырынан тоқтады:
- Тақ, сабақ бүгіннен бастап тоқтатылады. Мына мырқымбайларды күнде таңертең масаққа алып барасың. Масақ тереді.
Қарсылық айтуға Сағатбайда шама жоқ.
Оқу тоқтап, біз масақ теретін болдық.
Жүнісбай класском Сармановтан бетер шақылдауық. Таңертең ең бір тәтті ұйқының құшағында жатқан кезде терезені өрт шыққандай тақ-тақ ұрып оятады. Өзінде ұйқы деген жоқ па, білмеймін. Қаңқылдаған дауысы миыңды найзаша тесіп өтеді
Сумка асынған шадыр көз Сарманов өкіл менің көз алдымнан кетпейді. Үлкен түгіл, одан бала-шаға да қорқып, қалтырап тұратын. Маңайындағы елді Сарманов қырып кете жаздап жүреді. Екі сөзінің бірі: «Жаусың! Колхоз жұмысына зиянкессің! Атам! Шабам! Айдатам!». Шаш ал десе, бас алатын әлгідей
Қостөбедегі бір-екі күйлі тұратын отбасының біреуі осы Батырқандікі.
Кластағы ең таза оқушы Майра болғандықтан, біз оны тазалықшы етіп сайлағанбыз.
Майра шешесі Айсұлуға тартқан пысық та сүйкімді қыз. Ойын десе, құйынша үйіріліп, жанып кетеді. Көбінесе ер балалармен достасып ойнайды.
Күнде таңертең оқу басталардың алдында Майра бізді есіктен бір-бірлеп тексеріп кіргізеді. Қолымыздың, құлақ, мойнымыздың тазалығын қарайды. Мін тапса, кіргізбейді. «Бар, жуынып, таза боп кел. Тырнағыңды сояудай етпей, алып кел», — дейді
Ауыл совет председателі Батырқанда бір ұл, екі қыз бар. Ұлы Жанбосынды оқушы азды-көпті біледі. Тетелес екі қыздың үлкені Майра, кішісі Сайра.
Қазақ балаларының аттарын ұйқастырып қоюға құмар болады.
Шешелері Айсұлу кербез, келбетті адам. Үй ұстауы, бала өсіруі керемет. Екі қыз егіз қозы тәрізденіп бірдей киінеді, аршыған жауқазындай тап-таза болып жүреді. Қазіргідей жоқшылық, қиын кездің өзінде Айсұлу балаларын елден ерек жұтындырып қояды.
Батырқан шалағат болғанымен, өмір сүруге өте бейім адам. Орысша біледі, шекарашылармен байланысы күшті. Қол астына екі колхоз қарайды. Сырттан келген дәрежелі қонақтар, өкілдер Батырқанның үйіне түседі
Көпекбайдың үшінші ұлы Қожақан жас жағынан менімен шамалас. Оның өнер-қабілеті екі ағасының екеуінен де артық еді. Сабақты озат оқумен қабат, талантты музыкант болатын. Домбыраны жас кезінен безілдетіп тартатын. Домбыраны және өзі жасап алатын.
Музыка аспаптарының қай түрін де Қожақан өздігінен меңгеріп, төпеп әкететін. Қыз-бозбала кешқұрым Қожақанның маңына жиналатын.
1940 жылы Қожақан Алматы педучилищесіне оқуға түседі. Ол сонда оқып жүргенде, Көпекбай бір рет сонау үш жүз елу шақырым жердегі Қостөбеден Алматыға баласына салт атпен араға пәлен қонып, азық-түлік жеткізіп беріп қайтады.
Соғыс басталғанда Қожақан өзі тіленіп майданға аттанған еді.
Осы аталған үш жігіттің үшеуі де сай тасындай ірік, аяулы жандар еді. Ащы өмірдің батпағын белшеден кешіп жүріп, қайғырып-қапалануды білмейтін
Жүнісбай Бәзілден асып кетті. Ол ғажап зерек оқитын еді. Кластан класқа мезгілсіз аттап (ол кезде бұған жол берілетін), онжылдықты бізден бұрын бітірді. Армияға алынды. Офицерлік училищеде оқып жүріп, 1940 жылдың Қызыл Алаңдағы Бірінші май әскери парадына қатысты